Cambridge IGCSE Kazakh as a Second Language 0532 — 2019 May/June Paper 1 · Variant 1
0532/11/M/J/19 · 60 marks · ≈68 min
The question paper and its mark scheme, free to read here and free to download. This is Cambridge’s own paper, exactly as it was sat.
Question paper16 pages
















Mark scheme
No mark scheme is in the library for this paper.
Paper as text
Question paper, page 1
Cambridge Assessment International Education Cambridge International General Certificate of Secondary Education * 9 2 5 1 5 3 7 5 7 1 * This document consists of 13 printed pages and 3 blank pages. DC (NF) 162024/3 © UCLES 2019 [Turn over KAZAKH AS A SECOND LANGUAGE 0532/01 Paper 1 Reading and Writing May/June 2019 2 hours Candidates answer on the Question Paper. No Additional Materials are required. READ THESE INSTRUCTIONS FIRST Write your centre number, candidate number and name on all the work you hand in. Write in dark blue or black pen. Do not use staples, paper clips, glue or correction fluid. DO NOT WRITE IN ANY BARCODES. Answer all questions. The number of marks is given in brackets [ ] at the end of each question or part question.
Question paper, page 2
2 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 1–бөлім 1–тапсырма, 1–6 сұрақтар Мұзды қонақүй туралы мәтінді оқып, келесі бетте берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Бұл қонақүй әлемдегі ең бірінші ‘мұзды’ қонақүй деп саналады. Ол солтүстік Швецияда Кируна қаласынан 17 шақырым жерде Юккасъярви ауылында орналасқан. 1989 жылдың қысында жапондық мұз суретшілері бұл жерге келіп, мұздан жасалған өнер көрмесін ұйымдастырды. 1990 жылдың көктемінде француз суретшісі Жан Дери өзінің көрмесін осы жерде цилиндр пішінді иглу (эскимостар үйі) ішінде ұйымдастырды. Бір түні сол қалада ешбір қонақүйде орын болмай қалып, кейбір қонақтар сол түні көрмеде орналасқан иглудың ішіне түнеп шығуға рұқсат сұрайды. Олар солтүстік бұғы терісін жастанып, арнайы ұйықтайтын қаптардың ішінде ұйықтайды және олар бұл қонақүйдің бірінші қонақтары болды. Мұзды қонақүй кезеңдермен ашылады, біріншісі – желтоқсан айының басында. Келесі кезең қаңтардың басына дейін әр апта сайын өз қонақтарын күтеді. Қонақүйде әр нәрсе мұздан жасалған, мысалы: үйленуші жұптарға атақты кішкентай шіркеу (капелла), басты зал, қабылдау аймағы және жүзден астам қонақтарға арналған қарапайым немесе люкс қонақүй бөлмелері. Қонақүйдің, сонымен қоса, мұздан жасалған мейрамханасы да бар. Барлық қонақүй жиһаздары мұз кірпіштерінен қашап жасалған. Қалың жарлар, едендер және төбелер де мұздан жасалған. Тіпті, төсек орын мен орындықтар, оларды қиыстырып жасауы және әшекейлеуі, барлығы мұздан ойып жасалады. Ешбір бөлмелер бір – біріне ұқсамайды, әрбіреуі өнердің бірегей туындысы. Қонақүй төсек орындары солтүстік бұғы терісімен жабылған және қонақтар поляр климатына сай келетін арнайы ұйқы қапшықтарында ұйықтайды. Бөлмелер жылумен қамтамасыз етілмеген және әр бөлменің температурасы 5 градустан аспайды. Қонақүйде су құбыры тартылмаған, бірақ ол ғимаратта ыстық су толтырылған бөшкелері бар сауна бар. Мұз бөлмелер жуынатын керек жарақпен қамтамасыз етілмеген, бірақ жуынатын бөлмелер жақын жердегі жылы бөлмелерде орналасқан. Қонақүйге жақын жерде жылы үйлер де бар. Мұзды қонақүй әлемдегі мұз бен қардан жасалған ең үлкен қонақүй, көлемі 6000 шаршы метрге созылып жатыр. Қонақүй архитектурасы мұздан ойылып жасалғандықтан жыл сайын өзгеріп тұрады. Көктем келгенде барлық құрылыс еріп, су боп Турне өзеніне ағады. Мұзды қонақүй желтоқсан мен сәуір айлары аралығында ғана қызмет көрсетеді және Швецияның жеті кереметіне кіреді. Көптеген қонақтар онда Солтүстік шұғыласын немесе поляр шұғыласын көруге келеді. Себебі, бұл құбылыс, яғни қызыл, жасыл және сары түсті сәуленің көктегі биі, тек қыс айларында көрінеді. Алайда, бұл табиғи құбылыс болғандықтан оны көруге ешкім кепілдік бермейді.
Question paper, page 3
3 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 [Turn over 1 1989 жылы Жапон суретшілері қандай көрме ұйымдастырды? … [1] 2 Қонақтар неге көрмеде ұйықтауға рұқсат сұрады? … [1] 3 Қонақүйдің жабылу кезеңі қай айда? … [1] 4 Қонақтар жататын бөлмелердің екі түрін атаңыз? … [1] 5 Қонақүйде төсек үстіне не жабылған? … [1] 6 Неге қонақүй архитектурасы жыл сайын өзгеріп тұрады? … [1] [Барлығы: 6]
Question paper, page 4
4 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 2–тапсырма, 7–сұрақ Өзіңді Айманның орнына қойып, мәтіндегі ақпаратты негізге алып берілген өтініш кестесін толтырыңыз. Айман Исатай, он алты жаста, Батыс Қазақстандағы Қаратөбе ауданындағы Мұхит атындағы мектебінде оқиды. Ол жануарлардың барлық түрін жақсы көреді және мектеп бітіргесін жануарлармен жұмыс істегісі келеді. Айман жануарлар туралы көп нәрсе біледі, себебі ол үнемі мектеп демалысы кезінде атасының фермасындағы жануарларды қарауға көмектеседі. Оған сиыр сауу мен жылқы бағу ерекше ұнайды, сонымен қатар фермадағы басқа да жұмыстарды істейді. Алайда, оның жұмыс кестесі аса тығыз, емтихандарға дайындалады және мектеп құрамасында баскетбол ойнайды. Бірде мектеп үзіліс кезінде, Айман мектептегі хабарландыру тақтасынан зардап шеккен және тастанды жануарларға қамқор болатын атақты ұйым «Жануарларды құтқару орталығының» стипендиясы туралы жарнаманы көрді. Орталық Айман сияқты өзінің болашақ мамандығын жануарлармен байланыстыратын мектеп оқушылары арасында конкурс жариялаған. Олар жазғы демалыс кезінде жануарларды зерттеу стипендиясын ұсынып отыр. Жолы болған үміткерлер орталықта тегін тұра алады. Айман ол стипендияны қатты қалау себебі, ол теория мен тәжірибелік жұмысты сәйкестендіргісі келеді. Егер ол стипендияны жеңіп алса, онда ол түске дейін орталықта жануарларға қамқорлық теориясын оқиды. Уақыты аяқталған соң ол таза ауаға шығып, жануарларды бақылайды, қызметкерлермен сөйлеседі және жануарлармен тәжірибелік іс-шаралар өткізеді. Айман өзінің биология мұғалімі Назгүл апайға өзінің идеясын айтты және мұғалімі оның бұл идеясының кереметтігін айтып, егер қажет болса кеңес беруге дайын екендігін жеткізді. Оның ұялы телефон нөмірі 077778502106. Айман бұл мүмкіндікті үйінде ата-анасымен талқылады. Олар Қаратөбе ауданы Жәнібек көшесі 35 үйде тұрады. Айманның ата – анасы оның тамыз айында болатын стипендияға құжат тапсырғандығына қуанды. Былтыр зоопаркте бір ай көмекші болып жұмыс істеуі үшін Айман жүйелі түрде сіреспеге қарсы екпе алып тұруы қажет және ол жақында бір екпені алды.
Question paper, page 5
5 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 [Turn over Стипендияға өтініш А бөлімі Аты – жөні:____Айман Исатай ___________________________________________ Жасы: _______________________________________________________________ Mекен жайы: __________________________________________________________ Ә бөлімі Стипендияның атауы: __________________________________________________ Стипендияның мақсаты: ________________________________________________ Стипендияға беру себебіңіз: _____________________________________________ Б бөлімі Қосымша мағлұмат Жануарлармен жұмыс істеген тәжірибеңіз туралы екі қысқаша мағлұмат беріңіз. _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ [1] [1] [1] [1] [1] [1] [1] [Барлығы: 7]
Question paper, page 6
6 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 3–тапсырма, 8–9 сұрақтар Ұшатын автокөлік туралы мақаланы оқып, өзіңізге керек маңызды мәліметтерді жазып алыңыз. Бір екі қысқа сөйлеммен түсінгеніңізді сызылған жерге жазыңыз. Жолаушылар, сіздің көлігіңіз ұшуға дайын. Ұшатын автокөліктер көп уақыт бойы жазушылардың қиялында ғана өмір сүріп, бүгінде бұл идея шындыққа айналуда. Бір халықаралық компания екі орынды ұшақтың бір түйменің көмегімен тас жолдарда жүруге өте ыңғайлы ауысатын автокөлікті құрастырды. Ол 15 секундта қанаттарын ашып ұшуға немесе жерде жүруге арнап құрастырылды. Қанаттары толығымен ашылған және пропеллері айналдыру арқылы ұшатын машина кез-келген аэродромнан ұша алады. Құрастырушылар көліктің асфальтты жолдан ауаға бірден көтерілуіне үміттенуде, бірақ бұл қазіргі күнге дейін заңсыз болып табылады. Қазіргі заман технологиясына сүйенсек ұшақтың ішкі кабинасы автокөліктің ішкі кабинасына өте ұқсас. Жерсеріктік навигация жүйелерін бекіту арқылы баратын жерге жетуді жеңілдетуге мүмкін және ауа райы көрсеткішін қарапайым түсті экранда көрсетуге болады. Жеңіл қозғалтқыштың болуы – 500 км – ге дейін жанармайды ауыстырмай биіктікке ұшуға болады. Қанатты көліктер толығымен адамның күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналуда. Олар қаладан қалаға тезірек жету үшін әдеттегі автомобильдерге қарағанда жақсы. Олардың тағы бір үлкен артықшылығы бар. Ұшатын көліктер керемет, әрекетті фильмде жиі қолданылатын нәрсе сияқты. Алайда, қазіргі уақытта ұшатын көліктің дөңгелектері жерден кетірілген емес. Бұл техникалық себептерге немесе көліктің дизайына байланысты емес. Оның себебі әртүрлі жол және әуе билік органдары бұл машина не ұшақ екеніне келісе алмай жатыр. «Үкімет пен билік органдары шын мәнінде ешқашан әуе көлігі туралы ойланбаған», - дейді Алан Прайс, әуе көлігін құрастырушы компаниясының президенті. «Мен аспанға ұша алатын және жерде қозғала алатын көлікті құрастырғым келді, бірақ автокөлікті жол апатынан сақтайтын ұйым табу қиын». Дегенмен, компания жақын арада өзінің алғашқы ұшатын автокөлігін шығаруға және жеткізуге үміттенеді. Компанияға 40-қа жуық көлікке тапсырыс берілді. Потенциалды клиенттердің басым бөлігі ересек, ал кейбіреулері зейнетке шыққандар. Олар өмір бойы еңбек етті, енді олар ұшатын автокөлікке ие болғылары келеді. Олардың балалық шағындағы көрген фильмдерде және теледидарда уәде етілген технологиялардың бір түрі. Компанияға тіпті ұшқыштың лицензиясы жоқ кейбір ұшуға үйренуге ниеті бар адамдардан осындай көлікке тапсырыс түсті. Мұндай көліктің бағасы шамамен 200 мың АҚШ доллар болады. «Ұшақ үшін бұл өте жақсы баға, бірақ көлік үшін бұл өте қымбат», – деп түсіндіреді Алан Прайс. «Бірақ қазір 10 мың доллар тұратын ұшатын автокөлікті жасау мүмкін емес». Олар жақын болашақта жаппай сатылымда болмайды. Бірақ ұзақ мерзімді перспективада ол сіздің сапарлау әдетіңізді өзгерте алады. Автокөлік үнемді және сапарға жұмсалған уақытты екі есе азайтатын болмақ. Келесі жолы қауіпсіздік белдігіңізді тағуыңызды өтіну туралы естісеңіз, ол ұшуға дайындалыңыз дегенді білдіруі мүмкін.
Question paper, page 7
7 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 [Turn over 8 Ұшатын автокөліктің дизайн ерекшеліктері • … • … • … • … 9 Сатып алушылардың қазіргі таңдағы проблемасы • … • … • … [1] [1] [1] [1] [1] [1] [1] [Барлығы: 7]
Question paper, page 8
8 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 4–тапсырма, 10–сұрақ Төмендегі мақаланы оқып, Жапонияда оқытушы болудың артықшылықтары туралы пікіріңізді келесі бетте берілген бос орынға қорытындылап жазыңыз. Сіздің қорытындыңыз 100–150 сөзден тұруы тиіс. Шығарманың мазмұны үшін 6, стиль мен тіл орамы үшін 4 балға дейін беріледі. Қорытындыны өз сөзіңізбен жазыңыз. Өткен оқытушылар мерекесі қарсаңында мектеп мұғалімі салауатымен Жапонияның Осака қаласының Фукуда аудандағы бір бастауыш мектепке білім жетілдіруге жіберілдім. Себебі Жапонияда мемлекет тарапынан мұғалімнің біліктілігіне қарамастан, қосымша «мұғалім дәрежесін көтеру» курстары жыл сайын ұйымдастырылады. Бірде әріптесім Ямамота атты мұғалімнен: «Жапонияда мұғалімдер мерекесі қашан атап өтіледі, Сіздер оны қалай қарсы аласыздар?» – деп сұрадым. Менің сұрағыма таңданыс білдірген ол: «Бізде ешқандай мұғалімдер мерекесі жоқ» – деді. Оның бұл жауабын естіп өз құлағыма өзім сенбей аңтарылып қалдым. «Экономикасы мен ғылым-техникасы сонша дамыған елде оқытушыларға деген құрметтің болмағаны ма?» – деген ой келді. Бірақ маған ұнағаны, мектептерде мұғалімдерге күнделікті тәжірибе алмасу жиналыстарға арнайы уақыт бөлінеді. Жұмыстан соң Ямамота мені өз үйінен дәм татуға шақырды. Мен оның ұсынысын қабыл еттім. Ямамотаның үйі мектептен ұзақ болған соң біз метроға міндік. Бұл дәл кешкі қарбалас сәт болғандықтан, метрода адам тым көп еді. Мен қысылып-қымтырылып жүріп зорға кірдім де, тұтқадан мықтап ұстап алдым. Сол сәтте мені көрген бір атай орнынан тұрып, маған өз орнына отыруды өтінді. Мен бұл кішіпейілділікті түсіне алмадым, жасым кіші болғандықтан ақсақалдың орнына отыруға дәтім болмады, алайда, ол қайта-қайта басын иіп, ізет көрсетіп, «отырыңыз, отырыңыз» деп ұсыныс жасай берді. Мен амалсыздан отырдым. Метродан түскен соң Ямамотадан: «Әлгі ақсақал кісі неліктен маған өз орнын ұсынды?» – деп сұрадым. Ямамота мұғалім күлімсіреп тұрып саусағымен төсімдегі мектеп белгісін көрсетіп: «Ол кісі Сіздің оқытушы екендігіңізді көріп, орнын ұсынды», – деді. Мен бұл сөзді естіп өзімнің оқытушылық салауатымның мерейін сезіндім. Ямамота мұғалімнің үйіне алғаш келе жатқандықтан, құр қол кіруден ыңғайсызданып, аздап сыйлық алу ойым барын оған айттым, ол кісі де қарсылық білдірмеді, әрі біраз жүрген соң алдымызда «Оқытушылар дүкенінің» бар екенін, онда оқытушылар үшін жеңілдетілген бағамен тауар сатылатын ескертті. Мен тағы да таңданысымды жасыра алмай: «Бұл жеңілдіктер тек қана мұғалімдерге ғана бағытталған ба?» – деп сұрадым. Ямамота мұғалім менің сөзімді құптап: «Жапонияда ең құрметті мамандық – оқытушылық, жапон халқы ең құрмет тұтатын адамдар – оқытушылар. Оқытушылардың жоғары жалақы алуына қарамастан, кәсіпкерлер өздерінің дүкендерінде мұғалімдерге жеңілдік жасауды оларға деген шексіз құрмет көрсету деп біледі және оны мәртебе санайды» – деді. Мен Жапонияда болғанымда, жалпы, мұғалімдерге деген құрметтің әр түріне куә болдым. Метрода олар үшін арнаулы орын, арнаулы дүкен бар. Тіпті, көлік-қатынас билеттерін алу үшін де кезекте тұрмайды. Айта берсең, олар үшін қолайлықтар мен жеңілдіктер жетерлік. Жапонияда арнаулы оқытушылар мерекесі болмаса да әр күн олар үшін мерекедей сезілді маған. Өзімнің ұстаз екендігімнен бе, жоқ, әлде, жүрегім нәзік жанмын ба, көзімнен тамған тамшы жас осы мақаламның нүктесін қойғандай болды.
Question paper, page 9
9 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 [Turn over … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … [Барлығы: 10]
Question paper, page 10
10 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 2–бөлім 5–тапсырма, 11–17 сұрақтар Мобильдік Коммуникация туралы мақаланы оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 1990 жылдардың соңында халыққа қызмет көрсету саласында Мобильдік Коммуникацияның Жаһандық жүйесінің енгізілуімен технологияның қарқыны күшейуі барысында Африканың дамуы үдеді. Сол кезден бастап, ұялы телефон революциясы бұл континентті телеком өнеркәсібі бойынша Жер бетіндегі жылдам дамушы аймаққа айналдырды. Бұл өзгеріс егер де олар технологияларды пайдалануды өз елдеріндегі мәселелерді шешуге бағыттаса, олардың экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндіктері бар екендігін басқа мемлекеттер мен адамдар мойындауына себеп болды. Екі жыл бұрын Кенияда картоп ауруы тараған кезде, бір фермер орын алған мәселе туралы ғаламтордан ақпарат іздеген. Ол картоп сабақтарын құмырсқа жейтіндігін анықтаған және ауруын емдеу үшін өнімге ағаштың күлін сепкен. Екі ай өткен соң олардың картоптары ауруынан жазылған. Фермер интернеттің қолданылу аясын кеңейтетін уақыт келгенін түсінді және ары қарай іздестіруінің арқасында ол жергілікті жерден тұтынушы тауып, өнімін сақтап қалды. Қазір ол ұялы телефон байланысы арқылы интернетке шығып, картоптардың нарықта соңғы бекітілген бағаларын біліп отырады. Қазіргі уақытта Африканың барлық елдерінде жаңа коммуникациялық технологияларсыз өмірді елестету қиын. Нигериядан осыдан 20 жыл бұрын SIM-карта 100 доллар тұрды және жергілікті жердегі қоңыраулар минутына 33 цент болды, қазір картаны азғантай ақшаға сатып ала аласыз және ұялы телефон қоңырауларының шығын сәйкесінше төмендеді. Миллиардтаған доллар шетел инвестициясы құйылды, ұялы телефон абоненттік нөмірлері 100 миллионнан асты. Бұл ақылды ұялы телефон қолданудағы жарылыс сәйкесінше қарым-қатынас құралы және бизнес жүргізу үшін ғаламторды қолданатын нигериялықтардың саны көбейді. Болжам бойынша 31 миллионнан аса нигериялыққа ғаламтор қол жетімді, оның 30%-ы немесе көпшілігі ұялы телефондарда орнатылған. Арзан және тез хабарлама жіберу қызметі қымбат қарым-қатынас түрін ысырып шығарды. Тез әрі оңай ғаламтор қол жетімділігі көптеген нигериялықтарға жаңа бизнес ашуға мүмкіндіктер сыйлады. Жаңа технология көптеген жол тораптарының экономикалық дамуына күшті әсер етті. Эфиопияда кішігірім шаруа қожалық фермерлеріне арналған жаһандық азық-түлікке бекітілген бағалар туралы соңғы ақпаратпен қамтамасыз ететін Веб-сайт жұмыс істейді. Осыған дейін халықтың 80%-ын құрайтын фермерлер өз өнімдерінің жергілікті жердегі құны туралы ақпаратты ғана біліп отырды. Автоматтандырылған тегін телефон қызметі қазіргі уақытта әлем бойынша минут сайын жаңарып отыратын бағалар туралы нақты ақпарат беріп отырады. Сонымен қатар, ұялы телефон технологиясы қарапайым адамдардың олардың жұмысына баға беруіне жағдай жасайды. Бір бастама Мозамбиктегі азаматтардың өз мәселелері туралы интернет арқылы хабарлауларына мүмкіндік берді. Мәселенің мән-жайы ауылдардағы бұзылған су құбырлары туралы, құқықтық жүйенің тиімсіздігі және транспорт түйткілдері туралы. Сол сияқты, Угандада университет студенттері өздерінің ұялы телефондарын өздерінің нашар оқыту оқиғалары туралы шағымын хабарлау үшін пайдаланады. Технология сондай-ақ, дүние жүзіндегі адамдардың білімін арттыру үшін де қызмет етеді. Мыңдаған студенттер үй жұмыстарын ғаламтор арқылы тапсырады, ақылды ұялы телефон арқылы тілдер үйренеді. Твиттер жаһандағы маңызды оқиғаларды таратуда басты рөл ойнайды. Технология африкандықтарға көптеген жарық көрген жаңалықтарды біліп отыруға және бүкіл әлемде, олар мекендеген құрлықта болып жатқан жаңалықтарды білуге мүмкіндік береді.
Question paper, page 11
11 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 [Turn over 11 Африкада технология қай салада қарқынды дамыды? … [1] 12 Кениядағы фермер картоп ауруының таралуын қалай тоқтатты? … [1] 13 Нигерияда жергілікті жердегі қоңырауларға минуты қанша болды? … [1] 14 Нигерияда ақылды ұялы телефондарды қарқынды қолданудың екі артықшылығын атаңыз. (i) … [1] (ii) … [1] 15 Эфиопияда кішігірім шаруа қожалық фермерлеріне ғаламтордың қандай пайдасы болды? … [1] 16 Ұялы телефон технологиясы қарапайым адамдардың жұмысына баға беруіне жағдай жасаған екі дәлел беріңіз. (i) … [1] (ii) … [1] 17 Технология дүние жүзіндегі адамдардың білімін арттыру үшін қандай қызмет етеді? Екеуін атаңыз. (i) … [1] (ii) … [1] [Барлығы: 10]
Question paper, page 12
12 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 6–тапсырма, 18–сұрақ Алматы спорт комитеті 2028 жылы өтетін Олимпияда ойындарының Алматы қаласында өтуі туралы ұсыныс жасады. Бұл мәселе бойынша төмендегі берілген пікірлерді қолдана аласыз немесе өз пікіріңізді жазыңыз. Пікіріңізді нақты мысалдар беріп, дәлелдермен негіздеп, келесі беттегі берілген бос орынға 150–200 сөзден тұратын шығарма жазыңыз. «Олимпияда – керемет. Көп ақша табамыз!» «Құрылысты уақытында бітіре аламыз ба?» «Қазақстан спортының дамуына септігін тигізеді.» «Алматыға ешкім келмейді. Ауасы өте лас!»
Question paper, page 13
13 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … [Барлығы: 20]
Question paper, page 14
14 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 BLANK PAGE
Question paper, page 15
15 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 BLANK PAGE
Question paper, page 16
16 0532/01/M/J/19 © UCLES 2019 Permission to reproduce items where third-party owned material protected by copyright is included has been sought and cleared where possible. Every reasonable effort has been made by the publisher (UCLES) to trace copyright holders, but if any items requiring clearance have unwittingly been included, the publisher will be pleased to make amends at the earliest possible opportunity. To avoid the issue of disclosure of answer-related information to candidates, all copyright acknowledgements are reproduced online in the Cambridge Assessment International Education Copyright Acknowledgements Booklet. This is produced for each series of examinations and is freely available to download at www.cambridgeinternational.org after the live examination series. Cambridge Assessment International Education is part of the Cambridge Assessment Group. Cambridge Assessment is the brand name of the University of Cambridge Local Examinations Syndicate (UCLES), which itself is a department of the University of Cambridge. BLANK PAGE
What you needed in this session
Cambridge’s own grade thresholds for 2019 May/June, Paper 1 · Variant 1. A higher threshold means an easier paper — the bar moves with how the cohort did.