Cambridge IGCSE Kazakh as a Second Language 0532 — 2018 May/June Paper 1 · Variant 0
0532/10/M/J/18
The question paper and its mark scheme, free to read here and free to download. This is Cambridge’s own paper, exactly as it was sat.
Question paper16 pages
















Mark scheme
No mark scheme is in the library for this paper.
Paper as text
Question paper, page 1
* 4 1 5 5 8 4 9 9 5 1 * This document consists of 13 printed pages and 3 blank pages. DC (ST) 143990/3 © UCLES 2018 [Turn over Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education KAZAKH AS A SECOND LANGUAGE 0532/01 Paper 1 Reading and Writing May/June 2018 2 hours Candidates answer on the Question Paper. No Additional Materials are required. READ THESE INSTRUCTIONS FIRST Write your Centre number, candidate number and name on all the work you hand in. Write in dark blue or black pen. Do not use staples, paper clips, glue or correction fluid. DO NOT WRITE IN ANY BARCODES. Answer all questions. The number of marks is given in brackets [ ] at the end of each question or part question.
Question paper, page 2
2 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 1-бөлім 1-тапсырма, 1–6 сұрақтар Әуежай терминалдары туралы мақаланы оқып, келесі бетте берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Әуежай терминалдары Біраз жылдар бұрын әлемнің көптеген қалаларындағы әуежай ғимараттары тартымсыз болатын. Соңғы уақыттардағы жаңа технологияның дамуына байланысты заманауи архитекторлар оларды өнер туындыларына айналдыруда. Жаңа ғимараттардың барлығы көптің көңілінен бірдей шыға бермеуі мүмкін. Бірақ мына бес әуежай ғимараты сіздерді таңғалдырмауы мүмкін емес. Олар мыналар: 1. Инчхон, Оңтүстік Корея Инчхон әуежайы терминалының ғимараты дәстүрлі Корея дизайнының ерекше туындысы болды және болашақтың моделінің үлгісінде. Сызба жұмыстарына кіріспес бұрын, архитектор елдегі ежелгі діни сыйыну орындарын арнайы аралап шықты. Құнды тарихы бар ертедегі діни сыйынатын орындардың дизайынын зерттеген. Соның нәтижесінде әуежай ғимаратының шатырының Корея діни сыйыну орындарының шатырына ұқсайтындығымен ерекшеленді. Шатыр безендірілген құрылғылар бұл ғасырлардың шежіресі. 2. Жидда. Сауд Аравиясы. Бұл мақалада аталған әуежайлардан бұл әуежайдың ерекшелігі ғимараттың бір ғана терминалы жылына бір рет барша мұсылмандардың Меккеге келіп, қажылық сапарын өтеу кезінде ғана келушілерге қызмет көрсетеді. Белгілі бір мерзім аралығында ғана уақытша құрылған ашық терминал тек 210 ғана шыны талшығынан тұратын шатырмен жабдықталған. Бұл шатырлар шөл даланың құрғақ ауасын (ауа баптағышсыз ақ) 10 градус целсияға дейін салқындатуға мүмкіндік береді. 3. Мадрид. Испания. Мұндағы терминал арқылы саяхат жасаушы 50 миллион жолаушылардың еркін аймақ арқылы өтуін қамтамасыз ету үшін салынған. Шыны панелдерден жасалған қабырғалар тыныштықты сақтайды және жарық түсіруге мүмкіндік береді. Терминал шатыры ұзын бамбук ағаштарынан жасалған және оның тіреуіш тұғырлары адамдар терминалдан өткен сайын түсін өзгертіп тұрады. 4. Сингапур Сингапурдағы Чанги әуежайында үлкен экраны бар кинотеатр мен балалар ойнайтын кең алаң бар. Ол әлемдегі ең көрікті әуежайдардың бірі саналады. Оның “көбелек” тәріздес шатыры 919 жарық шамдарымен көмкерілген және сол арқылы қажет мөлшерде жарық шығарады. Түнде дәл осы жарық шамдар панелдерге көрік береді. Бұл терминал – драмалық көріністі елестетеді. Бірақ, қиғаш өскен екінші атауы “Жасыл қабырға” деп аталатын бақта 4 түрлі су бұрқақтары бар. Және ең бастысы ғимараттың жалпы көлемі 300 метрге дейін созылып жатыр. 5. Монтевидео, Уругвай. Бұл терминалдың әдемілігі –оның қарапайымдығында. Құрылыс көлемі 350 метрге созылған шатырымен де ерекшеленеді. Қоршаған ортамен үйлесім тапқан ғимарат, мұнда келетін
Question paper, page 3
3 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 [Turn over жолаушыларға және оларды қарсы алушыларға ыңғайлы, ашық, кең және көп халық жиналуға қолайлы орын етіп үйлестірілген. Уругвайда отбасы мүшелері мен достарын әуежай ішіне кірместен бұрын ұшақтан түскен бойда қарсы алу дәстүрі әлі күнге дейін сақталған. 1 Әйгілі архитекторлар не істейді? …[1] 2 Инчхон әуежайының сызбасын салған архитектор жобаны бастамас бұрын қайда барды? …[1] 3 Жидда әуежайының шатырларының қандай ерекшелігі бар? …[1] 4 Мадрид әуежайы қабырғаларының ерекшелігін атаңыз. …[1] 5 Сингапур терминалына екінші атауының берілу себебі не? …[1] 6 Уругвай әуежайында жолаушыларды күтіп алудың жеңілдігі неде? …[1] [Барлығы: 6]
Question paper, page 4
4 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 2-тапсырма, 7-сұрақ Өзіңізді Әселдің орнына қойып, келесі бетте берілген ақпараттың негізінде берілген "пікір кестесін" толтырыңыз. Екі ай бұрын Әсел Жұмабектің мектеп директоры алғашқы көмек көрсету курсын оқуына кеңес берді. Оның себебі Әсел мектеп қабырғасында жарақат алған оқушыларға алғашқы көмек көрсете алуы керек. Әсел жақында өзінің 17 жасқа толған мерейтойын өткізген, сондықтан бұл курстан өтудің реті болмады. Курс Алматы қаласындағы N12 қалалық ауруханада өтті. Дәріске әрбір сәрсенбі немесе жұма күндері қатысуға мүмкіндік болды. Әсел әрбір сәрсенбі түстен кейін мектептің спорт тобында ойыны болғандықтан 26 наурыз сәрсенбі күнгі сабағына қатысуға уақыт мүмкіндігі болмады, бірақ 28 наурыз жұма күні қатысты. Курсқа осы ауданнан 30 тыңдаушы қатысты. Қалалық аурухана әртүрлі уақытта әртүрлі деңгейдегі оқу курстарын ұсынады. Әселдің курсы жаңадан бастаушылар үшін және «Аса қажетті алғашқы жәрдем» бойынша. Оқу уақытылы басталды және Әселдің пікірінше екі жаттықтырушы да өте жақсы мамандар және дәріс тыңдаушыларымен тез тіл табысып ақпаратты жеткізе алды. Сонымен қатар жаттықтырушылар студенттерге дәріс соңында маңызды мәліметтері бар кітапшалар таратты. Курс Әселге ұнады. Тек бір мәселе, дәріс өткен бөлме өте тар болды. Әсіресе студенттер жұптасып тәжірибелік жұмыс жасау кезінде қолайсыз болды. Мұны айтпағанда бөлме жарық әрі тәжірибелік жаттығулар жасау үшін температурасы қалыпты болды. Әсел алғашқы көмек көрсету курсын оқығанына риза болды, өйткені ол мектеп ауласында құлап, басын жарақаттап алған оқушыға жедел жәрдем келгенше басын байлап алғашқы көмек көрсете алды. Әсел мектеп директорымен өзінің келесі деңгейдегі курсты жыл соңында оқуы туралы сөйлескісі келеді. Оқу соңында аурухана қызметкерлері дәріс тыңдаушылардың "пікір кестесін" толтыруын сұрады.
Question paper, page 5
5 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 [Turn over «Аса қажетті алғашқы жәрдем» курсы бойынша толтыру кестесі. А бөлімі: Жеке мәлімет Аты–жөні: Әсел Жұмабек Жасы: … Жынысы: Әйел Ә бөлімі: Курс туралы мәлімет Курс туралы мәліметтер: … Өту күні: … Жаттықтырушының деңгейі: өте жақсы / қанағаттанарлық / жаман / қанағаттанарлықсыз. Курсты жетілдіруді қажет ететін бөлігі болды ма? … … Б бөлімі: Қосымша мәлімет Алғашқы көмек көрсету тәжірибеңіз туралы қосымша мағлұмат беріңіз … … … … [Барлығы: 7]
Question paper, page 6
6 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 3-тапсырма, 8–10 сұрақтар Сіз мектептің арт үйірмесінде Мадам Тюссо мұражайы туралы айтып беруіңіз керек. Әйгілі Мадам Тюссо балауыз мұражайы туралы мақаланы оқып, өзіңізге керек маңызды мәліметтерді жазып алыңыз. Бір-екі қысқа сөйлеммен түсінгеніңізді берілген жерге жазыңыз. Мадам Тюссо мұражайының ғажайыптары Лондон каласындағы әйгілі Мадам Тюссо балауыз мұражайының ашылуына екі сағат қалды. Мұражай қызметкерлері мен мүсінші мамандар әйгілі адамдардың балауыздан жасалған 200-ден астам мүсіндерін дайындауда. Маңызды шаруалардың бірі күнделікті модельдердің жағдайын тексеріп тұру. Көптеген мұражайларда "экспонаттарды ұстауға болмайды" деген ереже бар. Бірақ Мадам Тюссо мұражайында адамдар сүйікті және атақты адамдардың мүсінін тек ұстап қана қоймай, құшақтауға да рұқсаты бар. Мадам Тюссо мұражайының менеджерінің айтуынша басқа дәстүрлі мұражайларда экспонаттарға жақындатпау мақсатында қойылған тосқауыл арқандарды біздің мұражайдан көрмейсіз. Біздің келушілер ұнатқан адамдарының балауыз мүсіндерін қалағанынша жақын досындай құшақтауға мүмкіндігі бар. Бұл тәжірибенің жыл сайын 1 млн. астам музейге келушілерден кері әсері де болатыны жасырын емес. Балауыз модельдер ластанып бұзылуы мүмкін. Мүсіншілер тобы күнделікті мүсіндердің қалыпты жағдайда болуын қадағалап отырады, өйткені олар күнделікті мұражайдың ашылу уақытында сақадай-сай дайын тұруы тиіс. Келушілер мүсінге жасалған зарар құнынан бейхабар болуы мүмкін, бірақ оны жөндеу құны £100 000 дейін жете алады. Мүсінші Чарлс Гаросси белгілі кино жұлдызының басын тексеруде, бетіндегі тырналған жерлерін жөндеуге кірісті. Ол майлы бояуларды араластырып қажетті палитрасын (арнайы бояуын) дайындап, бетіне бояуды жағып, мәселені шешті. Одан кейін ол әйгілі спорт жұлдызының мойнын тексеріп, тырнақтан түскен іздерді анықтады. Бұл күрделілеу жұмыс, оған ол пышақ тәріздес құралды қолданып, аздаған балауызды жағып жөндеді. Гаросси сияқты мүсіншілер жұмысында әртүрлі құралдар қолданулары тиіс. Гаросси бір кесек балауыздан бірнеше минутта адам құлағын жасай алады. Кез-келген құлақ емес, белгілі адам мүсінінің құлағын жасап шығарады. Ал күрделі жұмыстар, жерге құлап қалған мүсіннің басы сияқтылар зертханаларда жөнделеді. Зертхана кең және онда май бояулары мен шаш қатыратын сұйықтықтың иісі бар. Ағаштан жасалған, мүсіннен жасалған бастар қабырға бойында шаштараздың келіп шаш үлгісін жасауын күтіп тұрады. Жұмыс орнында бөлек дайындалған мүсіннің қол-аяқ мүшелері де тұр. Мадам Тюссо мұражай мүсіншілері тұрақты "сары басылымдарды" оқып, жұлдыздардың соңғы түскен суреттерін қарап, мүсіндегі киімді, шаш үлгісі мен денесіндегі тату таңбаларын жаңартып тұрулары керек. Барлық жұмыс әдеттегідей өз ретімен жасалады, мұражай тәртібі бойынша технология қолдануға рұқсат жоқ. Шаштараздың айтуы бойынша, ол анасының ас бөлмесінде әпкесінің шашын сәндегенін қарап өскен, бірақ уақыт өзгерсе де жасау шеберлігі өзгермеген.
Question paper, page 7
7 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 [Turn over 8 Мадам Тюссо мұражайының ерекшеліктері: • … • … 9 Мүсіншілердің негізгі міндеттері: • … • … • … 10 Зертхананы сипаттайтын белгілер: • … • … [1] [1] [1] [1] [1] [1] [1] [Барлығы: 7]
Question paper, page 8
8 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 4-тапсырма, 11-сұрақ Болашақ университеті туралы жеке пікір. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді келесі бетте берілген бос орынға өз сөзіңізбен жеке пікіріңізді қорытынды ретінде жазыңыз. Қорытынды 100– 150 сөзден тұруы тиіс. Мазмұны үшін 6, стиль мен тіл орамы үшін 4 балға дейін беріледі. Болашақтың университеті 2025 жылға дейін әлемнің жоғарғы оқу орындары 80млн адамға білім беруі жоспарланған. Есептерге жүгінсек ол үшін алдағы 13 жылда апта сайын 3 жаңа университет ғимараты салынуы керек. Үкіметтің айтуынша бұлай болуы мүмкін емес жағдай. Сондықтан, заманауи білім беру жүйесі болашақта онлайн арқылы білім беруге ауысады. Онлайн білім берудің көптеген пайдасы болады. Университеттердің бүгінгі студенттері оқу ақысы мен өмір сүру үшін қыруар қаражат жұмсайды. Онлайн арқылы білім берудің мақсаты осы төлемдердің кұнын азайту. Бұлай жасағаннан кейін білім алу едәуір арзандайды және қол жетімді болады. Дегенмен, онлайн арқылы білім берудің әлем бойынша тиімділігін арттыру ушін университеттер өзара тығыз қарым-қатынаста болулары қажет. Бұл онлайн арқылы білім алу ресурстарын жақсартудың бір жолы. Болашақта студенттердің мұғалімнің алдына барып дәріс алу үрдісі біртіндеп жойылуы мүмкін. Біз ертеректегі тауарды барып сатып алатын үрдістен біртіндеп арылып келеміз. Яғни, тұрмыстық қызметтер үшін сыртқа шықпай-ақ затты үйде отырып сатып ала беретін болдық. Біз бүгінде студенттің дәріс алу үшін оқу бөлмесіне бармай-ақ білім алуы мүмкін жағдай,- деген ойды қалыптастыруымыз керек. Және бұл университеттер мен колледждерге өз зиянын тигізбеуі керек. Көптеген елдер өз халқының білім деңгейін көтергілері келеді. Онлайн білім берудің бірден-бір пайдасы болашақта білім алушылардың саны артады. Кез келген университеттің 1млн.ға дейін студенттері болуы мүмкін. Қазіргі жастар бос уақыттарын топтасып достарымен бірге өткізгілері келеді, бірақ болашақта олар курстастарымен тек виртуалды түрде, әлеуметтік желілер арқылы ғана араласулары мүмкін. Ересек студенттер жұмыс пен үй шаруаларының көптігінен университетке барып білім алуға жағдайлары бола бермейді. Осы топтағыларға онлайн білім алу тиімдірек болуы керек. Өйткені, олар бос уақыттарында үйден шықпай-ақ білім алуларына мүмкіндік туады. Кейбір университеттерді толғандыратын білімнің онлайн және тегін болуы болашақта олардың білім беру ордасы емес, жай сертификат беру ұйымы болып қалулары да ғажап емес. Алаңдататын жай, студенттер өздері тегін онлайн білімдерін жетілдіріп, оны тексеріп, университет не колледж тауып, тест сәтті өткен жағдайда оларға сертификат беріледі. Басқа жағдайда, көптеген университеттер қаржы үнемсіздігінің салдарынан өздерін-өздері ақтамауы мүмкін. Кейбіреулер университеттер онлайн оқытуды ұсынып, оны тексеру жүйесін реттеп, аккредиттелген диплом беруді жүйеге қойса, онда университеттердің ұтатындығын алға тартады. Олардың қызметкерлері басқа маңызды шаруалармен шұғылдануына мүмкіндік туады. Мысалы, медициналық зерттеулер жүргізу және ол бәрімізге де пайдалы болатын еді. Адамдар репутациясы төмен университеттен білім алып, төмен көрсеткіште болғаннан гөрі тегін онлайн арқылы білім алуды таңдауы мүмкін. Студенттер жоғары деңгейлі университеттердің квалификациясы үшін төлей береді. Бұл дипломдар, сертификаттар, квалификациялар олардың жоғары дәрежелі білім алғандарының көрсеткіші және университеттер соған қаражат табу жолдарын қарастыруы керек. Кейбір студенттер үшін өкініштісі қазіргі түлектердің бірігіп диплом алу салтанаты кешегі күннің елесі болып қалуы мүмкін.
Question paper, page 9
9 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 [Turn over … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … [Барлығы: 10]
Question paper, page 10
10 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 2-бөлім 5-тапсырма, 12–19 сұрақтар Төмендегі мақаланы оқып, келесі бетте берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Бүгінде жасөспірімдердің арасындағы қарым-қатынастың ең көп таралған түрі – жазбаша хат алмасулар. Жасөспірімдерге бұл қызық көрінгенімен, бұл үшін дәрігерлер алаңдаушылық танытуда. Денсаулық сақтау мекемесі қызметкерлерінің екі мектепте өткізген зерттеулеріне сүйенсек оқушылар күніне жүздеген жазбаша хат жібереді. Бұл – санаулы минутта толық бір мәтін жазылады деген сөз. Оқушылардың түнде де жазбаға жауап беретіндігі анықталған. Мұның салдарынан – жасөспірімдердің ұйықтау үдерісі бұзылады. Жасөспірімдердің жазбаша хат алмасулар әдетін үш жыл бойы зерттеген психолог зерттеу нәтижесі бойынша мұның жасөспірімдер жетілуіне кері әсері болатындығын айтқан. Психологтың айтуынша жасөспірімдер есейе келе ата-анасынан бөлек шығып өз бетінше шешім қабылдай алуы керек. Бірақ қазіргі технологияның дамыған заманында ата-анамен байланыста болу оңай. Ал бұл олардың өз бетінше шешім қабылдауына әсер етуде. Қазіргі жасөспірімдер тіпті аяқ-киім түсін таңдауда анасымен жазбаша түрде ақылдасады. Барлық психологтардың пікірінше жасөспірімдер тыныштықта отырып ойлана білуі керек. Белгілі балалар дәрігер – психиатры Проссер ханымның ойынша егер телефон әрбір минут сайын дірілдеп мазаны алса, ойды жинақтау қиынға соғады. Әрбір жасөспірім достарының өмірінде не болып жатқанын білгісі келеді және шет қалғанды ұнатпайды. Ғалымның айтуынша жасөспірімдердің жазбаша хат алмасуларының жақсы жағымен қатар кемшіліктері де бар. Маманның пікірінше жазбаша хат алмасу керекті құрал. Ол арқылы достармен тез байланысқа шығуға болады. Жастар тез және жеңіл жоспар құра алады. Керек кезде жазбаша хат алмасу арқылы қажетті қолдау алуға болады. Соның бірі сұхбат алдында достарыңнан келетін қолдаухат. Хат жазу сонымен қатар, жасөспірімдердің бас бармағына әсер етеді. Дәрігерлердің тәжірибесіне сүйенсек қолдың белгілі бұлшық еттерінің жиі қолдануы, оның жарақаттануына, салдарынан ауруына әкеледі. Дәрігерлер ұзақ мерзімде хат жазу адамның бас бармағының уақытша және ұзақ мерзімді жарақаттануына әкеліп соқтыратынын айтады. Бір оқушы сабақ уақытында ұялы телефонды қолдануға тыйым салынса да, ол өз телефонын партасының астында ұстайтынын, сонымен сабақ кезінде де жазбаша хат жібере алатындығын айтты. Мұғалімдер де жазбаша хат алмасу салдарынан оқушылардың сабаққа зейін қоюын төмендеп кетті деп дабыл қағуда. Жазбаша хатта қысқа жазуды қолдану салдарынан жасөспірімдер арасында сауатты жазу қабілетінің азайғандығы да байқалады. Көптеген отбасымен жұмыс істейтін дәрігер Ханның пікірінше ата-аналар жазбаша хат жазудың видеоойындар мен компьютер қолданудан зиян аз деп қателеседі. Көп жағдайда жазбаша хат жазу тегін, сондықтан ата-аналар балаларымен сөйлесуге көп қаражат кетпейтініне қуанады. Бұл мәселені мен әр ата-анамен талқылаймын, бірақ олар оған көңіл бөлмейді. Олар жазбаша хат алмасуда тұрған ештеңе жоқ деп ойлайды. Бірақ оларға жазбаша хаттың қаншалықты қауіпті екенін түсіну керек.
Question paper, page 11
11 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 [Turn over 12 Оқушылар күніне қанша жазбаша хат жібереді? …[1] 13 Өткізген зерттеулеріне сүйенсек неге жасөспірімдердің ұйықтау үдерісі бұзылады? …[1] 14 Жазбаша хат жіберудің жасөспірім жетілуіне кері әсері болатындығын айтқан. Қандай кері әсер? …[1] 15 Мәтінге сүйене отырып көптеген психологтардың жасөспірімдерге қатысты пікірі не? …[1] 16 Маманның пікірінше жазбаша хат алмасу керекті құрал. Неге? …[1] 17 Ұзақ мерзімді хат жазу денсаулыққа қандай әсер етеді? …[1] 18 Мұғалімдердің пікірі бойынша жазбаша хат алмасу оқушыларға зиян тигізеді. Екеуін атаңыз: (i) …[1] (ii) …[1] 19 Дәрігерлердің бақылауы бойынша ата-аналар жазбаша хат алмасуға келісім беруінің екі себебін атаңыз. (i) …[1] (ii) …[1] [Барлығы: 10]
Question paper, page 12
12 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 6-тапсырма, 20-сұрақ Сіздің ата-анаңыз демалысқа бару жоспарын жасап отыр. Бірақ қай жерге барып демалуға әлі шешпеді. Осы туралы әр түрлі пікірде. Астындағы пікірлермен келісесіз бе, келіспейсіз бе? Пікіріңізді нақты мысалдар беріп, дәлелдермен және деректермен негіздеп, келесі беттегі бос орынға 150–200 сөзден тұратын шағын шығарма жазыңыз. Өз еліңде саяхаттау – қызықсыз және бір қалыпты. Шетелге бару – көп уақыт және қаражатты қажет етеді. “Қайран елім, туған жерім!” – деп арзан және күшті демалуға болады. Басқа елдер, қызық жерлер!
Question paper, page 13
13 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … [Барлығы: 20]
Question paper, page 14
14 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 BLANK PAGE
Question paper, page 15
15 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 BLANK PAGE
Question paper, page 16
16 0532/01/M/J/18 © UCLES 2018 Permission to reproduce items where third-party owned material protected by copyright is included has been sought and cleared where possible. Every reasonable effort has been made by the publisher (UCLES) to trace copyright holders, but if any items requiring clearance have unwittingly been included, the publisher will be pleased to make amends at the earliest possible opportunity. To avoid the issue of disclosure of answer-related information to candidates, all copyright acknowledgements are reproduced online in the Cambridge International Examinations Copyright Acknowledgements Booklet. This is produced for each series of examinations and is freely available to download at www.cie.org.uk after the live examination series. Cambridge International Examinations is part of the Cambridge Assessment Group. Cambridge Assessment is the brand name of University of Cambridge Local Examinations Syndicate (UCLES), which is itself a department of the University of Cambridge. BLANK PAGE